Жаңалықтар

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

«Астана» ұлттық сурет галереясы Астана қаласының Суретшілер Одағымен бірлесе отырып Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 –жылдығына арналған «Қазақстанның көпұлтты палитрасы» атты көрме ұйымдастырды.
11.03.2015 09:06 12286

«Астана» ұлттық сурет галереясы Астана қаласының Суретшілер Одағымен бірлесе отырып Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 –жылдығына арналған «Қазақстанның көпұлтты палитрасы» атты көрме ұйымдастырды.

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Көрме алдында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған «Астана» ұлттық сурет галереясының директоры Лейла Махат, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова, Астана қаласының Суретшілер Одағының төрағасы Тоқтар Ермеков, Казкоммерцбанктің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Лариса Коковинец және «Казкоммерцбанк» АҚ-ның басқарушы директоры Мағжан Әуезов қатысып, көрменің мән-маңызы жайлы айтты. Көрменің мәртебелі қонағы қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері, «Нұр Отан» партиясының белсенділері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, республикалық БАҚ, қоғамдық және саяси тұлғалар, өнертанушылар болды.

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

«Көрме идеясы – Қазақстан бейнелеу өнеріндегі көпұлтты қоғамның татулығы мен тұрақтылығын, ел бірлігін насихаттауға негізделген. Көрменің негізгі идеясына сүйене отырып, жылнамаға сай Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардан бастап, қазіргі заманға дейінгі түрлі ұлт өкілдерінің қылқалам шеберлерінің туындыларынан экспозиция құрылған», - дейді ұйымдастырушылар.

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Көрме құрылымының негізі Галерея және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы қорының түрлі ұлт өкілдерінің кәсіби суретшілерінің станокты кескіндеме туындылары болып табылады.

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Көрменің негізі Қазақстанның бейнелеу өнері туындыларында қазақстандық қоғамның бірлігінің бейнесін насихаттау, көрермендердің назарына қазақстандық қоғамның бірлігі тақырыбын терең ашатын мәнді және құнды шығарма ұсыну.

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Толеранттылық ұғымының түсінігі – еркіндік қадірі, ой ашықтығы, тәртіп,саяси және діни көзқарас, немесе адамның ашық және гуманистік көзқарасы – Қазақстан суретшілерінің көзқарасында айқын көрінеді. Қазақ жерін мекен еткен әртүрлі ұлт өкілдерінің туындыларынан бейнелеу өнерінің дәстүрлі үрдіспен байланысқан жаңа бағыты байқалады. Атап айтқанда, Н.Г.Хлудов, А.Черкасский, П.Зальцман, В.Эйферт, В.Стерлигов, В.И.Антощенко-Оленев, Р.Великанова, Б.Урманче, К.Я.Баранов сынды қазақ жерінде өмір сүрген әр түрлі ұлт өкілдерінің шығармаларынан қазақтың шетсіз-шексіз даласына деген сүйіспеншілік пен махаббат сезіледі.

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Этносаралық түсіністік және қоғамның әл-ауқаттылығы біздің мемлекетіміздің саяси өміріндегі ең көкейкесті тақырыптардың бірі, себебі қоғамның ынтымақтастығын қамтамасыз ету – бұл қазіргі заманғы мемлекеттің тұрақты дамуының негізі және кепілі.

Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Ассамблея жылына арналған көрме 4 мамырға дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, «Астана» ұлттық сурет галереясы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында бірқатар ғылыми-мәдени шараларды жоспарлап отыр: дөңгелек үстел; семинар; Галереяның балғын студиялықтары дайындаған концерті. Көпұлтты Қазақстан суретшілер көзімен

Материалды әзірлеген - Лейлә НҰРПЕЙІСОВА

Суреттер авторы - Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға