Жаңалықтар

Кәні боласыңдар. Қазгидромет қызылша мен жүгерінің қаулайтынын айтты

Естеріңізге сала кетейік, бүкіл болжам ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұдайы ұсынылып отырады.
Кәні боласыңдар. Қазгидромет қызылша мен жүгерінің қаулайтынын айтты
23.07.2022 04:37 2188

Кәсіпорынның мәліметінше, бұл - әзірге сынама болжам. Аталмыш дақылдардың болжамды моделі 2020 жылдан бастап қана енгізілген және ол өндірістік сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.KZ. 

Алынған есепке сәйкес, осы маусымда жүгері өнімділігі Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында негізінен орташа көпжылдық мәннен жоғары болады деп күтіліп отыр. 

Ал Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында қант қызылшасының өнімділігі көпжылдық мәннен жоғары болады деген болжам бар. 

Болжам егістікке вегетациялық суару нормасына сай су берілген жағдайды ескере отырып әзірленді. Ал егер көкөніс дақылдарын вегетациялық суару нормасы мен мерзімі сақталмаса, онда түсім болжамға қарағанда аз болуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, бүкіл болжам ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұдайы ұсынылып отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға