Жаңалықтар

Көкшетауда 20 үйді су басты

Су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінен ғана су сорылып алынды.
Көкшетауда 20 үйді су басты
Фото: inform.kz 30.07.2022 23:34 1127

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі Көкшетауда нөсер жаңбырдың салдарынан 60 тұрғын үйдің аумағын су басқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

– Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының нұсқауы бойынша жедел штаб құрылды. Жаңбыр суын сору, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін iшағым түскен мекенжайларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінен ғана су сорылып алынды.

Тазалық жұмыстарына ТЖД-ның жеке құрамынан 40 адам, жергілікті атқарушы органның 10 қызметкері, сондай-ақ 20 мотопомпа, төрт ассенизатор және бір экскаватор жұмылдырылды.

Барлығы 6 300 текше метр су сорып алынды.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға