Жаңалықтар

Көкшетауда «Тәжікстан – Қазақстан: көпжылдық достық және стратегиялық әріптестік» тақырыбында конференция өтеді

Көкшетауда «Тәжікстан – Қазақстан: көпжылдық достық және стратегиялық әріптестік» тақырыбында конференция өтеді
13.11.2018 05:23 2282

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына тура бір жыл толды.

Бірлестік төрағасы Умар Шоназаров атқарылған жұмыстар туралы есептік баяндама жасады.  

Көкшетау қаласының Достық үйінде жиналған тәжік ақсақалдары, кәсіпкерлер, ҰМО жанындағы «Тоджи-Сомон» жастар қанатының өкілдері жақын арадағы міндеттерді межелеп, талқылады.

Тәжік бірлестігінің белсендісі Мамлакат Джабборова бір ауыздан «Санги-Кабуд» ҰМО жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы болып сайланды.

«Санги-Кабуд» ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары, белгілі журналист Саламедин Мирзорахматовтың оқыған баяндамасы жиналғандардың қызығушылығын тудырды.

Орталықтың ағымдағы жылғы желтоқсан айының екінші бөлігіне жоспарланған маңызды іс-шараның бірі – «Тәжікстан – Қазақстан: көпжылдық достық және стратегиялық әріптестік» атты конференция.

 «Санги-Кабуд» ҰМО дамытуға қосқан үлестері үшін Орталық белсенділері ҚХАА хатшылығының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға