Жаңалықтар

Көкшетауда Сабантой-2018 тойланды

Көкшетауда Сабантой-2018 тойланды
21.06.2018 03:22 2278

Сабантой мерекесі татар-башқұрт халықтарының ежелден келе жатқан  ұлттық мерекесі. Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын еңбек мерекесі биыл да аталып өтті. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары бірлестігі ұйымдастырған  «Сабантой» мерекесі ағымдағы жылдың 17 маусымында «Бұқпа» тауының баурайында тойланды. Мерекені тойлауға этномәдени орталықтардың төрағалары, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары келді.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Ринат Галлямов барша келген қауымды мерекемен құттықтап, татулық пен тұрақтылықты,  насихаттайтын аталмыш мерекенің маңыздылығын сөз етіп, қоғамда рухани құндылықтарды құруда еңбек етіп келе жатқан барша қатысушыларға қажымас қайрат пен сәттілік тіледі. Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары бірлестігінің төрағасы Рафаиль Сулькарнаев құттықтау сөзден соң  «Сабантой» мерекесінің ерекшеліктеріне тоқталды.

Татарстан Республикасынан концерттік бағдарламамен арнайы келген әртістер мен Ақмола облысы әртістерінің, ұйымдастырушыларының қатысуы мерекенің сәнін келтірді. Cонымен қатар  спорт жарыстары оның ішініде «Татарча көрәш», армрестлинг, қаппен айқас, арқан тартысу және тағы басқа халқықтық ойындар өткізілді.

Мерекенің соңында еңбек етіп, атсалысып жүрген қатысушылар мен халықтық ойындарға, спорт жарыстарына қатысқан  жүлделі орын иегерлері салтанатты түрде марапатталып, бағалы сыйлықтарды қанжығасына байлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға