Жаңалықтар

Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды

Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды
28.01.2020 16:36 2196

Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды

Зоя Авилованың жетекшілігімен ансамбль ширек ғасыр бойы ақмолалықтарды өз шығармашылығымен қуантып келеді. Оның құрамында 18 орындаушы бар. Осы кезеңде ұжымда орыс, украин және қазақ тілдеріндегі жүздеген туынды, сондай-ақ казак халық әндері бар репертуар қалыптасты. Олардың үздіктері мерейтойлық концертте шырқалды.

Мерейтой иелерін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева, Көкшетау қаласының мәдениет бөлімінің меңгерушісі А. Сәбитова, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ басшысы А. Артеменко, «Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі» ҚБ төрағасы Р. Сулкарнаев және басқалар құттықтады.

Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды

Зал халық ансамблінің орындауында орыс, украин және казак халық әндері шырқалған әрбір қойылымын ұзақ қол шапалақпен жылы қарсы алды.

Концерттік бағдарламаға «Ақбұлақ», «Ғалиябану», «Қоғамдық келісім» КММ қазақ, татар халық әндері мен билерін орындаған шығармашылық ұжымдар қатысты.

Залда отырғандар әртістерді зор қуанышпен қарсы алып, олар өз кезектерінде жақсы өнерлерімен көрермендерге көптеген жағымды әсер сыйлады.

«Русская песня» халық ансамблі өз мерейтойын Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен тұспа-тұс тойлағалы отырғандығын атап өткен жөн.

Ұжым жетекшісі, облыстық ассамблеяның мүшесі Зоя Авилова атап өткендей, «Русская песня» әрқашан өз халқының жанында, ол Ассамблея идеяларын жүзеге асырушы, өзінің шығармашылығы арқылы ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік ісіне ат салысып, қызмет етеді.

Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға