Жаңалықтар

Көкшетауда отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Көкшетауда отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті
23.10.2018 11:27 2141

Көкшетау қаласының Достық үйінде «Өнерлі жанұя» отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті.

Іс-шараны ҚХАА, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырып өткізді.

Аталмыш облыстық іс-шараға Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы және Зеренді мен Бурабай аудандарының достығы берік және шығармашыл отбасылары қатысты.

Әрбір отбасы өздерін ұмытылмастай ерекше таныстыруға тырысты: бірі өз отбасылары жайлы бейнебаян және бейнеролик даярласа, басқалары отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер туралы көркемсөз түрінде айтып берді.

Бір үлкен әулетте өмір сүретін бірнеше буын өкілдерінің барлығының қатысуы іс-шараның басты ерекшелігіне айналды.

Бұл кеште шығармашыл отбасылардың орындауында ән мен би, ата-аналары және олардың талантты әрі тәрбиелі балаларының бірігіп оқыған өлеңдері, бұның барлығы кештің көңілді, мәнді де мағыналы өтуіне негіз болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Жасампаз отбасы» номинациясына Көкшетау қаласының Сыздықовтар отбасы, «Берекелі отбасы» атағына облыс орталығының Ибраевтар отбасы, «Бірлігі жарасқан отбасы» номинациясына Красный Яр ауылының Жамилахын отбасы, ал «Өнегелі отбасы» деген атаққа Зеренділік Ұлатай отбасы ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен «Өнерлі жанұя» атағын алып, ең шығармашыл атанған Бурабай ауданынан келген Жақыповтар отбасы болды.

«Қоғамдық келісім» КММ мәдени-бұқаралық бөлімнің басшысы, отбасылар арасындағы фестивальдің мәдени бағдарламасының авторы және режиссері Найля Сейдалина, аталмыш шараға қатысқан жас өнерпаздарды дайындау ісіне ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың қосқан зор үлесін ерекше ықыласпен атап өтті.

Шығармашылық іс-шарадан естелік ретінде жас қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ атынан жұмсақ ойыншықтар табыс етілсе, ересектер жағы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды

.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға