Жаңалықтар

Көкшетауда орыс, славян және казак әндерінің II республикалық байқау-фестивалі өтті

Көкшетауда орыс, славян және казак әндерінің II республикалық байқау-фестивалі өтті
13.11.2018 12:32 1951

Көкшетаудағы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Песня – душа народа» атты орыс, славян және казак әндерінің II республикалық байқау-фестивалі өтті.

Ел өңірлері мен Ақмола облысының 19 шығармашылық ұжымының, 150-ден астам қатысушының басын біріктірген фестивальда талантты әрі шығармашыл әртістерді ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтады.

«Черноглазая казачка» және  «Как за Доном, за рекой» әндерін орындаған Қарағанды қаласының «Казачья вольница» шығармашылық ұжымы барлық көрермендердің жылы ықыласын иеленіп, байқау-фестивалдің жеңімпазы атанды. Екінші орынға Щучинск қаласынан келген «Казачий стан» халықтық ұжымы лайық деп танылды. Үшінші орынға «Атаман молодой» және  «Соловушка» әндерін орындаған Алматы қаласының «Рябинушка» ансамблі тұрақтады.

Сауле Лаубаева, Анастасия Ушакова (Көкшетау қ. Достық үйінің вокалды студиясы), Виктор Овсянниковтар (Дала казактары одағының Щучинск филиалы) республикалық байқау-фестивалінің үздік жеке орындаушылары деп танылды.

Бұдан бөлек байқауда Целиноград ауданының «Малиновка» халықтық хоры, Бұланды ауданынан «Благовест» казак халықтық хоры, Теміртау қаласының «Калинка», Астана қаласының «Раздолье» және Аршалы ауданынан келген Василий Зеленый атындағы халық ансамблдері сынды ұжымдар және басқалар өздерінің өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары бірлестігінің «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі жиналған жұртшылықтың ерекше қошеметіне ие болды.  

Байқау-фестиваль  қатысушыларын ҚХАА және «Қоғамдық келісім» КММ-нің атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға