Жаңалықтар

Көкшетауда ҚХА облыстық аурухананың кішкентай емделушілеріне тәтті сыйлықтар үлестірді

Көкшетауда ҚХА облыстық аурухананың кішкентай емделушілеріне тәтті сыйлықтар үлестірді
03.04.2019 03:10 2474

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Шашу» қайырымдылық акциясы шеңберінде Көкшетау қаласының «Қоғамдык келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу облыстық ауруханасының емделушілерімен тілдесіп қайтты.

Көкшетау қаласы Достық үйінің директоры Манат Исмагулов ауруханада ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналарымен өткен бұл кездесуде облыстық ассамблеяның жұмысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, биыл қазақ халқының дәстүрлері негізінде қайырымдылық іс-шараларының күнтізбесі жасалып, іске асырылуды. Ай сайын өтетін барлық қайырымдылық шаралардың өз атаулары бар. Мысалы қаңтар айында «Сарқыт», ақпанда – «Сыбаға», наурызда – «Шашу», сәуірде - «Асар» және тағы басқалар.

Акция шеңберінде алпыстан астам емделуші балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясы әзірлеген тәтті сыйлық пакеттері үлестірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға