Жаңалықтар

Ибрагим Салаховтың қазақ тіліндегі «Калыма қасіреті» кітабы конференция қатысушыларына табысталды

Ибрагим Салаховтың қазақ тіліндегі «Калыма қасіреті» кітабы конференция қатысушыларына табысталды
31.05.2019 17:12 2643

Көкшетаудың Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараның басында конференцияға қатысушылар жаппай қуғын-сүргін жылдары нақақтан-нақақ айыпталып, опат болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

DSC_0838.JPG

Тарих ғылымының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры А. Мұсағалиева репрессия жылдары Ақмола облысы Солтүстік Қазақстандағы депортация орталығы болғанын атап өтті, сондай-ақ Ақмола облысына қандай этнос және саны жағынан қанша болып жер аударылғаны туралы деректер ұсынды.

Жазаланған отбасылардың өкілі ретінде Л. Хаврушина «Қазақстандағы немістер тағдыры» атты баяндамасында «Қазақстандағы көптеген ұлт өкілдерін жер аударғанда қазақ халқы қабылдап, өзіне тартты. Қазақ жері, қазақ халқы арқасында біздер аман қалдық. Мен, жазаланғандардың қызы, қазақ халқына барлық жақсылық үшін алғыс білдіремін. Менің жанұям осында Отанын тапқаны үшін, менің балаларым, немере мен шөбелерім үшін алғыс айтамын.

DSC_0865.JPG

Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігінің төрағасы Р. Сулькарнаев конференция қатысушыларына жерлесі Ибрагим Салаховтың жуықта қазақ тіліне аударылған «Калыма қасіреті» атты кітабын тарту етті.

DSC_0898.JPG

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға