Жаңалықтар

Көкшетауда этномәдени орталықтар қарттарға қошамет көрсетті

Көкшетауда этномәдени орталықтар қарттарға қошамет көрсетті
10.10.2018 09:52 2120

Көкшетау қаласында «Ақмола облысының орыс қауымының» «Русская песня» ансамблі қарттар күніне арналған мерекелік бағдарламасын көрермендер назарына ұсынды.

«Русская песня» ансамблінің ән орындаушыларының әрбір музыкалық нөмірін бұл кеште көрермен қауым ыстық ықылас және үлкен қошеметпен қарсы алды.

Сахна төрінен концерт барысында кеңес сазгерлерінің әндерінен құралған попурри, орыс, қазақ, украин тілдеріндегі лирикалық әуездегі және көңілды ырғақты әндер орындалды.

Аталмыш өнер ұжымының осынша танымал болуына, ансамблдің шығармашылық жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Зоя Авилованың қосқан үлесі зор. Концертмейстер, Новосібір мемлекеттік консерваториясының түлегі, «Ғалиябану» татар ансамблінің жетекшісі Сәкен Қарбаевтың баяндағы кәсіби сүйемелдеуін де атап өткен жөн.

Сонымен қатар кеш барысында сахнаға көтерілген «Кнопочки» балалар би ұжымының (жетекшісі Лилия Балтакескенова), әуесқой-баянист, «Ретро ерлер вокалды тобының солисі, «Играй, гармонь!» байқауының қатысушысы және жеңімпазы Иван Вдовиннің, «Истоки» МҮ жанындағы «Злато» жастар тобының солисі, Астана қаласында өткен республикалық казак әндері байқауының лауреаты, гитарист Андрей Чуенконың өнерлері де көрермен қауымның үлкен қошеметіне ие болды.

Осы концертте өздерінің керемет ән айту таланттарымен Светлана Кабаргина, Татьяна Балабурдина, Нина Иванова, Галина Ларионова, Александра Сокольскаялар ерекше көзге түсті.

Әртүрлі ерлік істерге дайын жас адам жаны туралы баяндалатын өлең жолдарын оқыған мәдениет саласының ардагері, «Ақбұлақ - Родник» клубының мүшесі, «Русская песня» ансамблінің қатысушысы Рита Костенкоға залдағы жиналған жұрт тік тұрып шапалақ ұрды.

Солисттердің ажарлы әуендері, әдемі сахна костюмдері, залда салтанат құрған мерекелік атмосфера – барлығы «Жылдар жылжып, маңдайға әжім салуда, олар асықпасын, өткен күндер естелігі, үзілген жапырақтардай алтын із қалдыруда!», - деген сөздердің шындығын тағы бір рет растап берді.

Кеш соңында сөз алған Көкшетау қаласы соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Соломинаның айтуынша, шығармашылық ұжымның бұл керемет бағдарламасы жанның даналығы, өмір тәжірибесі мен көздерінде мәңгілік жылу бар жандардың есінде ұзақ сақталады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға