Жаңалықтар

Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсетіліп, облыстық ҚХА-ның белсенділері марапатталды

Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсетіліп, облыстық ҚХА-ның белсенділері марапатталды
13.12.2019 17:20 2461

Көкшетаудың Достық үйінде этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсетіліп, облыстық ҚХА-ның белсенділері марапатталды

Оған қатысушыларды Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева, «Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамы» ҚБ төрайымы С. Корнеева, «Қазақстанның орыс, славян, казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалының төрағасы Г. Осиненко, «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м. а. К. Жұмаенова құттықтады.

Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсетіліп, облыстық ҚХА-ның белсенділері марапатталды

Спикерлер өз сөздерінде Республиканың қалыптасу және даму тарихы елдің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін, соның арқасында қарқынды дамып келе жатқан мемлекетте, жаңа астана – Нұр-Сұлтан қаласы салынды, ал Қазақстан әлемдік қауымдастықтың алдында үлкен беделге ие болғанын тілге тиек етті.

Шара аясында Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсету, облыстық ассамблея белсенділерін «Қоғамдық келісім» КММ алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара этномәдени бірлестіктердің және «Қоғамдық келісімнің» шығармашылық ұжымдары қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.

Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің құрдастарына құрмет көрсетіліп, облыстық ҚХА-ның белсенділері марапатталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға