Жаңалықтар

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабу үшін 50 мың доллар алған

Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды
Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабу үшін 50 мың доллар алған
Фото: 24.kz 13.07.2022 10:14 1436

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 8 шілдеде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. 9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға