Жаңалықтар

Көкшетау педколледжінің студенттері ілгекпен тоқудың қыр-сырын үйренді

Көкшетау педколледжінің студенттері ілгекпен тоқудың қыр-сырын үйренді
09.12.2018 08:25 2264

 «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» ҚБ төрағасының орынбасары, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Людмила Суховецкая студенттерге ілгекпен тоқуды үйретті.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Людмила Викторовна кезекті рет «Қоландбалы бұйымдарды ілгекпен тоқу» тақырыбында Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі студенттеріне арнап шеберлік сабағын ұйымдастырып өткзді.  

Аталмыш білім ордасының көптеген студенттері ілгекпен тоқудың негізін бұрыннан білгендеріне қарамастан тоқу өнерінің өзге де әдіс-тәсілдерін асқан қызығушылықпен үйренді.  

Дәл осындай шеберлік сабақтар барысында оқушы жастар үшін өздерінің сәндік-қолданбалы өнер шеберліктерін шыңдап, бұйымдар жасау ісіндегі түрлі тәсілдерді пайдалануды үйренуге мүмкіндік туады.

Айта кетсек, Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының негізгі мақсаттарының бірі - түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, ұлттық шығармашылық және қолданбалы өнерін жалғастырушылардың шебер туындыларымен таныстыру арқылы өскелең ұрпақ арасында сәндік-қолданбалы өнерді кеңінен насихаттау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға