Жаңалықтар

«JOLTAP» жобасы: астаналықтар тігін фабрикасына жұмысқа орналаса алады

«JOLTAP» жобасы: астаналықтар тігін фабрикасына жұмысқа орналаса алады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 23.10.2023 15:50 870

Астанадағы «JOLTAP» жобасының серіктестерінің бірі – «Astana Ютария ltd». Тігін фабрикасы жаңа қызметкерлер іздейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, компанияның техникалық әлеуеті 500-ден астам маманды жұмысқа орналастыруға және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бос жұмыс орындары тек әйелдер үшін ғана емес, ерлер үшін де ашық.
Қызметкерлерге:

- Астанада тұратындар үшін жұмысқа және жұмыстан трансфер;
- тегін тамақтану;
- қаладан тыс жерлерде тұратындарға арналған жатақхана.
Әңгімелесуге жазылу және толығырақ ақпарат алу мәселелері бойынша «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктеріне мына мекенжайлар бойынша жүгінуге болады:
«Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34;
«Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24;
«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 24;
«Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2;
«Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
«Азия парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;
«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;
«Саянұр» базары, Тілендиев даңғылы, 24/5;
«Big Шанхай» СҮ, Алаш тасжолы, 32а.

«JOLTAP» жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарламада тегін білім ала алады. Бірінші бағдарлама тігінші және сатушы-кассир секілді сауда, құрылыс және қызмет көрсету салалары көшбасшыларының стандарттары мен талаптарына негізделген жұмысшы мамандықтарын оқытуға арналған. «Freelance Mumkindik» деп аталатын екінші бағдарлама нарықта танымал және өзекті болып саналатын цифрлық дағдыларды үйретеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға