Жаңалықтар

JBMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті

JBMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 29.06.2024 16:43 494

Математикадан JBMO 2024 Балқан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында еліміздің барлық алты оқушысы жүлделі орындарға ие болып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Дарын» РҒПО-на сілтеме жасап. 

Олимпиада 25-29 маусым аралығында Түркияның Анталия қаласында Балқан түбегінің 22 елінен келген 135 оқушы арасында өтті. Қазақстан қонақ ретінде қатысты. 

Біздің мектеп оқушылары алты медаль жеңіп алды:

Алиасқар Сұлтанәли — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;

Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;

Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Эрик Лим — Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.

Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі: Антон Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға