Израильдегі қақтығыста қазақстандықтың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған болып шықты
15.10.2023 15:24
Фото:
Ашық дереккөзден
Еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі қақтығыс кезінде Қазақстан азаматының қайтыс болғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Израильдің қорғаныс министрлігі ХАМАС ұйымының 7 қазандағы шабуылынан қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтардың тізімін жариялады. Осы ретте олардың арасында Қазақстанның бір азаматы бар деген дерек тараған еді.
Бұған қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.
Ақпарат шындыққа жанаспайды. Израиль билігі кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады, - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

