Жаңалықтар

Израиль Рамазан айында соғысты тоқтатуға келісті

Израиль Рамазан айында соғысты тоқтатуға келісті
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.02.2024 14:47 2346

АҚШ президенті Джо Байден Израильдің Рамазан айында ХАМАС-пен соғысты уақытша тоқтатуға келіскенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі sarbaz.kz сайтына сілтеме жасап.

Байден бұл туралы NBC арнасында айтты. Сол сияқты Израильдің ХАМАС-ты жою үшін алдымен Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласынан палестиналықтардың эвакуациялануына рұқсат беруге міндеттеме алғанын мәлім етті.

Рамазан айы жақындап қалды. Бізге кепілге алынғандарды босатуға уақыт беру үшін израильдіктермен Рамазан айында ешқандай әрекетке бармайтыны туралы келісім жасалды, - деді ол.

Байденнің айтуынша, уақытша атысты тоқтату Израильдің көршілерімен қарым-қатынасын реттейді және палестиналықтардың мемлекет құруына мүмкіндік береді. Сол сияқты өзге де араб мемлекеттерімен қарым-қатынасқа да әсер ететінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға