Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс қашан тоқтайды? Израиль СІМ өкілі жауап берді
07.11.2023 11:22
Фото:
©AP/Fatima SHBAIR
Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі Симона Гальперин Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс қашан тоқтайтынына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соғыс ХАМАС жойылып кетпейінше тоқтамайды. Сені жер бетінен жойып жібергісі келген елге қарсы күресті тоқтату мүмкін емес. Олардың (ХАМАС – ред.) онда болмауы керек. ХАМАС толығымен, оның ішінде басшылығы, ұйым жойылып кетпейінше бұл күрес бітпейді. Біз 1,5 млн парақ таратып, олардың ол жерден кетуін жеткіздік. Осыдан кейін біз оларды бір аптадан астам уақыт күттік. 2-3 сағат емес. Операция жүргізген кезде біз ол жерде балалардың болмағанына көз жеткіздік. Біз барынша бейбіт тұрғындар жапа шекпеуі үшін тырыстық, - деді Симона Гальперин.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

