Израиль ХАМАС-пен соғысып жатыр, палестиналықтармен емес – Израиль СІМ өкілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соғыста жапа шеккен Палестинаға Қазақстан 1 млн доллар көмек беретінін мәлімдеген болатын. Бұл жағдайға Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі Симона Гальперин пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Израиль Қазақстанның Палестинаға көмек беруіне ешқандай қарсылық білдірмейді. Израиль ХАМАС-пен соғысып жатыр, палестиналықтармен емес. Соңғы жылдары Палестина - БҰҰ-дан, басқа елдермен салыстырғанда, ең көп көмек пен қолдау алған елдердің бірі. Бірақ бүгінде ол көмектің барлығы қайда кетіп жатыр? Оны ХАМАС жер астына жинаған, жасырған. Дегенмен біз Палестинаға көрсетіліп жатқан көмектің ешбіріне қарсылық білдірген емеспіз. Сондай-ақ ол көмектің расымен де палестиналықтарға жеткенін қалаймыз, - деді Симона Гальперин.