Жаңалықтар

Із-түзсіз жоғалған Қостанай облысы тұрғынының денесі табылды

Із-түзсіз жоғалған Қостанай облысы тұрғынының денесі табылды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 03.07.2023 21:00 1021

Полиция хабар-ошарсыз кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі,

ҚР ІІМ мәліметінше, 58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы арызбен ағасы полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҰҚК шеқара қызметі мен және еріктілермен бірлесіп дереу іздеуге кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті, - делінген мәліметте.  

ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға