Жаңалықтар

Иван Купала мерекесінің басты белгілері - от, су және шөп

 
Иван Купала мерекесінің басты белгілері - от, су және шөп
09.07.2019 17:29 6872

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Грамада» беларусь этномәдени бірлестігі ұйымдастырған кеш көңілді ән-бимен өріліп отырды. 

IMG_4973.JPG

Алдымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов пен белорус бірлестігінің төрағасы Михаил Беляев жиналған қауымға игі лебіздерін арнады. 

IMG_4962.JPG

Олар «Иван Купала» мейрамы елдегі тұтастық пен халықтар достығын айшықтайтын мейрам екенін атап өтті. Мәдение шарада өнер көрсеткен Бәйтерек ауданының Дариян ауылының «Сябры» беларусь фольклорының шығармашылық ұжымы этномәдени бірлестікпен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.

IMG_4976.JPG

Шамамен XV ғасырдан бастау алатын аталмыш мейрам Шығыс және Батыс славяндарының мерекесі саналады. Бұл күнгі түн сиқырлы қасиеттерге толы, ең қуатты түн саналған. От, су және шөпті басты күштер деп білген. 

IMG_5644.jpg

Оттан секіріп  ойнаған  адамдар осылайша тың күш-қуат аламыз деген сенімде болған. Қыздар дала гүлдерінен жасаған тәжді суға ағызып, тағдырына болжам жасаған және өсімдіктердің сиқырлы күші болады деп сенген. Әсіресе, дәл осы күні қырыққұлақ (папоротник) гүлін алғаш тауып, үзіп алған адам бай және ерекше күшке ие болады деп ойлаған.

Саябақтағы мерекелік шара барысында да «Иван Купаланың» дәстүріне сай ойындар ұйымдастырылып, әннен шашу шашылды. Қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, шебер жандардың туындылары көрермендерді тәнті етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға