Иван Дычконың бапкері өгей қызын зорлады деп айыпталуда
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Иван Дычконың әуесқой бокстағы бапкерлерінің бірі Сапабек Мұқышев өгей қызын зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
20 жастағы бойжеткен өзінің бұрынғы өгей әкесі, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышевті екі рет зорлады деп айыптайды. Жәбірленуші арызды 2022 жылғы қарашада жазған, бірақ бұл қазір ғана белгілі болған. Өтініш Полиция департаментінде тіркелген.
Осы жағдайға байланысты бірден екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Атап айтқанда, «Зорлау» және «Бірнеше рет зорлау» баптары бойынша қылмыс іс қозғалған.
Тергеу шеңберінде бірқатар сот сараптамасы тағайындалды және жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ, жәбірленуші тарап қорғанысқа алынды, - деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.