Иван Дычко өзбекстандық Жалоловты жеңетінін мәлімдеді
24.10.2023 16:07
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко өзбекстандық Баходир Жалоловты жеңе алатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Өзбекстанға қарсы деген сияқты ауызша қарсыласуды ұнатпаймын. Жалоловты бірнеше рет ұтқанмын, қажет болса, мұны тағы бірнеше рет қайталай аламын. Қазір оның күші артқан, тәжірибесі де молайды, бірақ мен үшін ол сол баяғы Баходир Джалолов болып қала береді, – деді Дычко.
Әуесқой бокста Дычко Жалоловпен өткен төрт кездесудің бәрін өз пайдасына шешкен. Қазір екеуі де кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. Қазақстандық 13 рет жеңіске жетсе, соның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Ал өзбекстандық 13 жекпе-жегінің барлығын нокаутпен жеңген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

