Жаңалықтар

ІВА басшысы ХОК төрағасына үндеу жасады

ІВА басшысы ХОК төрағасына үндеу жасады
Фото: Ашық дереккөзден 19.11.2023 11:53 742

Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев Ресей спортшыларының барлық халықаралық жарыстардан шеттетілуіне байланысты тағы да наразылығын білдірді. Ол өзінің Telegram-каналында ХОК президенті Томас Бахқа арнап мәлімдеме қалдырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Томас, саяси ойын ойнауды, біреулердің қолшоқпары болғанды қой. Сен екіжүзділердің қуыршағы емес, спортшылардың қорғаны болуың керек. Менің осы видеомды барынша таратыңдар, Томас Бах әлемге қақтығыс емес, спорт керек екенін түсінсін. Егер ол еркек болса байланысқа шығар, біз өз тәжірибемізбен бөлісеміз», – деп жазды Кремлев.

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпан айында РФ президенті Владимир Путин Украина жеріне басып кіріп, бірнеше елдімекенді жермен-жексен етті. Әскери қақтығысқа Беларусь президенті де көмектескен. Әлі жалғасып жатқан соғыста қос тараптан да ондаған мың адам қаза тапты. Осыған байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын барлық жарыстардан шеттетті.

Умар Кремлев болса ХОК-тың екіжүзді ұйым екенін де айтып салды. Яғни, Ресей спортшыларына салынған санкция Израиль спортшыларына да салынуы керек еді дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға