Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жаһандық додада ел қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Грек-рим күресінен 97 келідегі Иусуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкодан 1:6 есебімен есе жіберді.
Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ұтты.
Иусуф Мациев бұған 2022 жылы Болгария төрінде 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында да күміс медальді мойынына таққан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

