Жаңалықтар

Италияның қабылдау орталығына бір күн ішінде 500-ден астам мигрант келді

Италияның қабылдау орталығына бір күн ішінде 500-ден астам мигрант келді
Фото: Еuronews 07.05.2023 10:55 872

Италияның Лампедуза аралына бір күнде теңіздегі апаттан зардап шеккен 600-ден астам мигрант жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазіргі уақытта аралдың қабылдау орталығы мигранттарға лық толды. Елдің билік өкілдері мигранттардың бір бөлігін Сицилияға жіберуді бастады. Еuronews агенттігінің жазуынша, теңіздегі апаттан зардап шеккен, адамдар мінген 10 қайық италиялық Лампедузаға сенбі күні келген. Олар жағаға 430 адамды жеткізгені мәлім болды.

Соңғы күндері күн жылып, ай толып жарық болғандықтан Жерорта теңізін кесіп өтпекші болған мигранттар саны артп түскен. Жұма күні 247 адам мінген 7 қайық Лампедузаға жеткізілген еді. 

Сонымен бірге, Лампедузадағы қабылдау орталығындағы адамдар санын азайтуға тырысқанына қарамастан, сыйымдылық 3 еседен асып кеткен.Қазіргі бұл орталықта 900-ге жуық адам бар.

Жергілікті билік Риммен келісе отырып мигранттардың бір бөлігін сицилиялық Порто-Эмпедоклеге Novelli паромымен жіберетіні айтылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға