italysdreamtourism.com

Италиядағы ең үлкен стадион сүріледі

La Gazzetta Della Sport басылымының мәліметінше, Италиядағы ең үлкен стадион «Сан-Сиро» сүріледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Милан қалалық кеңесі 81 мың жанкүйерге арналған аренаны сүруге рұқсат берді. Кезекті отырыста өткен дауыс беру барысында 24 депутат «Сан-Сироны» бұзу бастамасын қолдаса, 20-сы қарсы шыққан.

Стадион орнына жаңа арена салынады. Жаңа нысан 2032 жылы Италия мен Түркияда өтетін Еуропа чемпионатының матчтарын қабылдайды деп жоспарлануда.

Айта кетейік, «Сан-Сиро» стадионы 1926 жылы ашылған. Мұнда А сериясының клубтары «Милан» мен «Интер» өздерінің үйдегі матчтарын өткізеді. Ал 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында Қысқы Олимпиада өтеді. 6 ақпанда өтетін ашылу салтанаты да осы аренада ұйымдастырылмақ. Олимпиада ойындары 22 ақпанда аяқталады.