Жаңалықтар

Италияда жылдық инфляция деңгейі төмендеді

Италияда жылдық инфляция деңгейі төмендеді
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 18.06.2023 23:19 885

Италияда жылдық инфляция төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Елдегі жылдық инфляция сәуірде 8,2% болса, мамырда 7,6%-ға дейін түскен.

Италия статистикалық агенттігінің (Istat) мәліметінше, инфляцияның баяулауына энергия бағасының динамикасы әсер еткен. Атап айтқанда, осы жылдың мамыр айында энергия бағасы 26,6%-дан 20,3%-ға төмендеді.

Италияның азық-түлік секторында да өңделген өнімдер бағасының жылдық көрсеткіші төмендегені байқалды. Ал бұл базалық инфляцияның (6%-ға дейін) төмендеуіне ықпал етті.

Осы аптада Италия Банкі 2023 жылы ЖІӨ жоғары болатынын болжады. Алайда 2024-2025 жылдарға арналған болжамын төмендеткен. Осылайша, Орталық банк 2023 жылы ЖІӨ осы жылдың қаңтарындағы 0,6% көрсеткішпен салыстырғанда 1,3%-ға өсуі керек екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға