Жаңалықтар

IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсті – министр

IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсті – министр
Фото: iStock 26.11.2024 16:07 102

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында биыл Қазақстанның IT-саласы қарқынды өскенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асты. Соңғы үш жылда 16%-ға өсті.

Осы кезеңде IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсті. Ол 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын көрсетеді. IT саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны да 12%-ға өсіп, 187 мың адамға жетті, - деді министр.

Министр 2018 жылы іске қосылған «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркі Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін айқындауда.

Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1102 - жергілікті және 437 - шетелдік компаниялар бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені құрады. Соңғы бес жылда 31 есе өсті. Биылғы жылдың үш тоқсаны бойынша экспорттық кіріс 143 млрд теңгеге жетті. Жылдық өсу төрт жылда 10 еседен асты. Осылайша, Astana Hub өңірдегі жетекші технопарк ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда, - деді Мәдиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға