Жаңалықтар

Испанияда көлікке антирадар орнатқан жүргізушілерге айыппұл салынбақ

Испанияда көлікке антирадар орнатқан жүргізушілерге айыппұл салынбақ
03.06.2023 18:57 678

Испания жүргізушілерге антирадар детекторларын қолдануға қатаң тыйым салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Егер полиция көліктен мұндай құрылғыны анықтаған жағдайда 30 мың еуро айыппұл салуды көздеп отыр. Жаңа ереже осы айда күшіне енді. Испания қоғамында көлікке антирадар тағу мәселесі жылдар бойы талқыланып келген өзекті тақырыпқа айналған. Енді осы мәселеге нүкте қойылды.

Радиолокациялық детекторларды пайдалану өрескел заң бұзушылық ретінде қарастырылатын болды. Бұл «Автокөлік құралдарының қозғалысы мен жол жүру қауіпсізді туралы» заң жобасындағы толықтыру мен түзетулерге енгізілді. Десе де Google Maps сияқты мобильдік қосымша мен сигналдық құрылғы әрі радиолокациялық детекторларды бір-бірімен салыстыруға келмейді.

Радар детекторлары – жүргізуші жылдамдығын жасыратын және сол  арқылы жол полициясының жұмысына жылдар бойы кедергі келтіріп келетін құрал. Мысалы детекторлар полиция қолындағы радарға арнайы шу және кедергі келтіріп, радиожиілік сигналдарының жұмысын бұғаттайды. Мұндайға о бастан қатаң шара қабылдауды талап еткенбіз, - дейді  заңгер, қоғамдық белсендісі Адриан Агирре. 

Еуропа елдерінің шінде Испанияда жыл сайын жүргізушіге қойылатын талап күшейіп жатыр. Мұнда антирадар детектерін көлікке арнайы кәсіби орнатып алған жүргізушілерге салық 30 мың еуроны құрамақ. Оның теңгеге шаққандағы құны 14 млн 340 мың теңге.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға