elmundo.es

Испанияда экс-министр заңсыз табысқа байланысты тергеуге шақырылды

06.10.2025 19:42

Испания Жоғарғы соты бұрынғы министр әрі депутат Хосе Луис Абалос пен оның экс-кеңесшісі Кольдо Гарсияны заңсыз табыс көзіне байланысты күдікпен тергеуге шақырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Абалос 15 қазанда, ал Кольдо 16 қазанда жауап бермек. Guardia Civil-дің арнайы есебінде Абалос шамамен 95 мың еуро көлемінде жарияланбаған кірістерге ие болғаны айтылған.

Сонымен қатар, Кольдо Гарсия мен оның зайыбы бұрынғы министрдің жеке шығындарын - ипотека төлемдері, үй қызметшісінің жалақысы, сапарлар мен сыйлықтарды - үнемі өтеп отырғаны анықталды. Алайда бұл төлемдерге сәйкес банк шоттарынан қайтарым қаражат табылмаған.

Сот құжатында бұл жағдай олардың арасында «ашық емес қаржылық байланыстар» бар екенін көрсетеді. Тергеу COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу ісіндегі заңсыздықтар мен мемлекеттік тендерлердегі ықтимал бұрмалаушылықтарға байланысты жүргізіліп жатыр.