espanarusa.com

Испанияда әуе компаниясының қызметкерлері шеруге шықты

06.01.2024 22:52

Испанияда ең ірі Иберия (Iberia) әуе компаниясының жүздеген қызметкері Барселонадағы халықаралық әуежай маңына жиналып, шеруге шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар компания басшылығының қызметкер санын қысқарту шешіміне наразы. Сондай-ақ жалақыны көтеріп, кей рейстерді еншілес компанияға беруден бас тартуды талап етіп отыр. Осымен 4-күн қатарынан жалғасып жатқан шерудің кесірінен ұшу кестесі өзгеріп, кей рейстер мерзімінен кешіктірілген.

Ал басшылық қысқартудың қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін маңызды екенін айтады. Шерушілер талап ескерілмейінше, наразылық акциясы тоқтамайтынын ескертті.