Ислам ынтымақтастығы ойындары: Кирилл Герасименко чемпион атанды
14.11.2025 10:05
Фото:
olympic.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының басты ойыншысы саналатын үстел теннисшісі Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жекелей сындағы финалда ол Мысыр өкілі Омар Ассарға қарсы шықты. Қазақстан ҰОК хабарлауынша, шешуші кездесуде Герасименко 4:1 есебімен басым түсіп, бұған дейін кеткен есесін түгендеді.
Айта кетсек, екі спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолығып, сол уақытта жеңіс Ассарға тиесілі болған еді.
Сонымен қатар, гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы да Эр-Риядтағы Ислам ойындарында алғашқы матчында жеңісіне қол жеткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

