Ислам ойындары: Зульфия Чиншанло 3 алтын медаль алды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
13.08.2022 01:19
Фото:
instagram.com/p/ChKqVFwrOiI
Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Ислам ойындарында үш бірдей алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«59 кг-де сынға түскен қазақстандық ауыр атлет жалпы есепте 220 келі (95 кг+125 кг) зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. 8 тамызда басталған ойын, 18 тамызда мәресіне жетеді.
Бұған дейін Ислам ынтымақтастығы ойындарында Арли Чонтей чемпион атанған болатын.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. 8 тамызда басталған ойын, 18 тамызда мәресіне жетеді.
Бұған дейін Ислам ынтымақтастығы ойындарында Арли Чонтей чемпион атанған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

