Жаңалықтар

Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатты

Жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты.
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатты
Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі 16.08.2022 11:04 830

Қазақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz.

А.Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116 кг, жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук дәл осы салмақта серпе көтеруден 114 кг, жұлқа көтеруден 147 кг, жалпы есепте 261 келімен күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға