Ішкі істер министрі шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара – шетелдік автокөліктерді заңдастыру. Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99%).
– Оларды Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең – барлық қажетті құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу, – деді министр.