Жаңалықтар

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов теннистен жарысқа қатысты

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов теннистен жарысқа қатысты
Фото: © Polisia.kz 03.07.2023 03:37 1128

Қазақстан полициясы күніне орай азаматтар мен ішкі істер органдары қызметкерлері арасында спорттық шара өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жарысқа еліміздің теннис федерациясы мен “Дәулет” теннис орталығы қолдау көрсетті. Сайыстың ашылу рәсіміне мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, бас прокуратураның өкілі Сәбит Нұрлыбай, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай қатысты.

Ішкі істер министрі, “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының төрағасы Марат Ахметжанов спортшыларға сәттілік тіледі.

Қоғамымыз қылмыстан, құқық бұзушылықтан таза болсын деп, жас буынды егемен еліміздің заң сыйлайтын, халқын ойлайтын, жарқын болашақты құратын азаматтары болсын деп, осы турнирді өткізіп жатырмыз. Қош келдіңіздер! – деді ол.

Мәдениет және спорт министрі бұл турнирді жыл сайынғы дәстүрге айналдыру керек екенін айтып, қолдау білдіретінін жеткізді. 50-ге жуық теннисші жұптық турнирге қатысуға ниет білдірді. Еліміздің бас полицейі де бәсекеден қалыс қалмады. Кортта ширақ қимылдап, шеберлігін ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға