Жаңалықтар

Ішкі істер министрі болған Марат Ахметжанов қызметінен кетті

Ішкі істер министрі болған Марат Ахметжанов қызметінен кетті
Фото: Ашық дереккөзден 02.09.2023 09:58 4828

Ішкі істер министрі болған Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Президент Жарлығында Ішкі істер министрі болған Марат Ахметовжановтың қызметінен босатылғаны айтылды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған Жарлықта. 

М.Ахметжанов әр жылдары тергеу департаменті директорының орынбасары және Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары. Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы қызметін атқарған.  2022 жылғы 25 ақпаннан бері Ішкі істер министрі лауазымын атқарып келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға