Жаңалықтар

Ірі жер қойнауын пайдаланушылар жаңа бағдарлама әзірлейтін болады

Ірі жер қойнауын пайдаланушылар жаңа бағдарлама әзірлейтін болады
Фото: gov.kz 16.11.2023 20:33 721

«Қазақстандық қамту 2.0» халықаралықфорумы аясында жер қойнауынпайдаланудағы қазақстандық қамтуды дамытумәселелеріне арналған панельдік сессия өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Онда қазақстандық қамтуды дамытудың жалпымәселелері талқыланды және жер қойнауынпайдаланушылардың сатып алуларын реттеудіжетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдардыңжоспарлары айтылды.

ҚР ӨҚМ Өнеркәсіптік инфрақұрылымдыжәне елішілік құндылықты дамытудепартаментінің директоры Нұрлан Кеңесов өзсөзінде реттелетін сатып алу саласындағызаңнаманы жетілдіру көптеген елдер үшінөзекті міндет болып табылатынын жәнетиімділіктің халықаралық стандарттарына қолжеткізу мақсатында реттелетін сатып алусаясатын жетілдіру үшін үздік тәжірибелердіпайдалану қажет екенін атап өтті.

Министрліктің алдында реттелетін сатыпалулардағы жергілікті қамту үлесін 60%-ғадейін ұлғайту бойынша өршіл міндет тұр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іскеасыру мақсатында қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылады.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңықабылданды, тиісті заңға тәуелді актілерқолданылады. Өнеркәсіптің жекелегенсалаларын дамыту бойынша Жол карталарықабылданды.

«Бірқатар тауарлар бойынша Мемлекеттіксатып алуларда ішкі нарықты қорғауғабағытталған ұлттық режимнен алып тастауларбелгіленді. Тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында кооперациялықбайланыстар орнату үшін жыл сайынсубконтрактілер биржасы өткізіледі. «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларында импорттыалмастыруға бағытталған жаңа өндірістердіқұруға жәрдемдесу бағдарламасы жұмысістейді», - деп атап өтті Н.Кеңесов.

Ірі жер қойнауын пайдаланушылардыңжергілікті қамтуды дамытудың өзбағдарламаларын әзірлеуін, оның ішіндеофтейк-келісімшарттар және қазақстандықөндірушілермен ұзақ мерзімді шарттаржасасуды көздейтін заңнамалық түзетулерпысықталуда.

Сессияға қатысушылар Қазақстанныңреттелетін сатып алу саласындағы саясатыпроцестің барлық қатысушыларыныңашықтығын, бәсекелестігін және мүдделерінқорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанынатап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға