Ірі көлемде есірткі жасырған астаналық ұсталды
Елордадағы дәмхана маңындағы жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адам анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оны «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әшкерелеген.
Сараптамаға сәйкес, қарудың газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.
Бірқатар сараптама тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.