Ирандағы жарылыстан кейін елде үш күндік аза тұту күні жарияланды
28.04.2025 05:33
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Ирандағы Шахид-Раджаи портындағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sputnik.kz-тің жазуынша, ұдан бөлек оқыс оқиғадан 1 139 адам зардап шегіп, провинция губернаторы Хормозган Мохаммад Ашури үш күндік аза тұту жарияланғанын мәлімдеді.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, жарылыстан кейін тараған өрт 80 процентке ауыздықталған соң от қайта тұтанған. The New York Times газеті портта натрий перхлораты жарылуы мүмкін екенін жазды. Оны зымыран отыны үшін пайдаланады. Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша дәл сол затты дұрыс сақтамаған. Соның салдарынан жарылыс болған. Зымаран отыны Шахид-Раджаи портына наурыз айында жеткізілген болатын.
Айта кететін жайт, 26 сәуірде портта қатты жарылыс болған. Оның дыбысы 26 шақырым шалғай жердегі Кешм аралында да естілген.
Шахид-Раджаи – Ирандағы ірі порт. Ол арқылы транзиттік жүктердің басым бөлігі өтеді. Төтенше жағдайдан кейін порттың жұмысы тоқтатылды.
Шахид-Раджаи – Ирандағы ірі порт. Ол арқылы транзиттік жүктердің басым бөлігі өтеді. Төтенше жағдайдан кейін порттың жұмысы тоқтатылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

