©Pixabay.com

Иранда тікұшақ апатқа ұшырады

04.10.2025 06:02

Иранда тікұшақ құлады. Бұл туралы Лорестан провинциясындағы Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі Али Мохаммади мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Анықталғандай, тікұшақ 4 000 метр биіктіктегі Ошторанкух тауында жоғалып кеткен әйелді іздеу-құтқару жұмыстарына жіберілген.

Алайда әуе көлігі 2 800 метр биіктікте апатқа ұшыраған, ал оның ішінде 8 адам болған.

Қазір Лорестаннан өңірге 6 жедел топ жөнелтіліп, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.