Жаңалықтар

Иран ШЫҰ-ға мүше болды

ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин бұл күннің Иран үшін де, Ұйым үшін де маңызды екенін айтты. 
Иран ШЫҰ-ға мүше болды
Фото: дереккөз 16.09.2022 08:27 1170

Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян мен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Самарқанда Иранның Ұйымға мүше мемлекет мәртебесін алу бағытындағы міндеттемелері туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды EL.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин бұл күннің Иран үшін де, Ұйым үшін де маңызды екенін айтты. 

Иранның мүше елдер қатарына қосылуы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын күшейте түседі, – деді ол.

Иран 2005 жылы ШЫҰ-ның бақылаушы мемлекеті атанды. Елдің Ұйымға толық мүшелікке өту процесі 2021 жылы басталды. Меморандумда қаралған барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін Иран Ислам Республикасы ШЫҰ-ның толық мүшесі болады.

Айта кетсек, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті 15-16 қыркүйекте Самарқанда өтеді. 

ШЫҰ мүше мемлекеттері – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран болып табылады.

ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие мемлекеттер – Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия.

ШЫҰ диалог бойынша серіктес мәртебесіне ие мемлекеттер – Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Шри-Ланка, Түркия.

Ташкенттегі саммитте диалогі бойынша серіктес мәртебесін Египет Араб Республикасы мен Катар мемлекетіне беру туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға