Жаңалықтар

Ипотека жайлы пайдалы кеңестер

Ипотека ұйығына түспейін десеңіз...
Ипотека жайлы пайдалы кеңестер
03.04.2017 11:55 3508

Баспанаң болмаса, бабың болмайды. Қалтасындағы қаржысы үйлі болуға жетпеген соң, осыдан шығар жол іздейтін отандастарымыз Ипотека алуға асығатыны белгілі. Десек те, үйлі болып, күйлі күй кешемін деп шаттануға мүлде болмайды. Ипотеканаң әуре-сарсаңы сізді көбірек мазаламас үшін алдымен мына кеңестерге құлақ асқаныңыз дұрыс.

  • Жарты жылға жетер қаржы қорыңыз болсын!

Ай сайынғы сіз бұрын елестете алмаған шығындар әбігерге салуы мүмкін. Ипотеканың қарқынына ілесемін дегенше, сізді құтқарар қор қажет.

  • Ипотека рәсімдемес бұрын, елдегі барлық банктың ұсынысын шолып шығыңыз!

Банктер арасындағы бақталастық сіздің пайдаңызға шешілсін. Өзіңізге ыңғайлы пайыздық көрсеткіш пен мерзімді салыстырып көріңіз.

  • Ипотека және басқа төлемдері 25%-дан жоғары банк ұсынысына қарамаңыз!

Тіпті, сізге ыңғайлы мерзімді ұсынып тұрса да, көрсетілген пайыздық көрсеткіштен аулақ болыңыз! Сіздің жалақыңыз 300 мың теңге болса, төлеміңіз 70 мыңнан жоғары болмасын.

  • Ипотеканы шетелдік валютамен алмаңыз!

Қазақстандық баспаналардың бағасы – теңгеге тиесілі. Сол себепті. Құбылмалы доллардың алдауына түсіп қалмаңыз. Бүгінгі бағам ертең-ақ төмендеп, не аяқ асты шарықтауы ғажап емес.

  • Несиені қайта қаржыландыруға мүмкіндік бермейтін ипотеканың қажеті жоқ!

Кей банктерде жылдар өте сіз алған пайыздық көрсеткіш төмендеуі әбден мүмкін. Бұл сәтте сіз пайызы әлдеқайда төмен жаңа несие алып, ипотекаңызды жаба аласыз. Ал егер банк қайта қаржыландыруға мүмкіндік бермесе, сіз мұндай «сыйлықтан» құр қаласыз.

  • 10 жылдан ұзағырақ ипотека сіздің қалтаңызды одан сайын жұқартады!

Уақыты  неғұрлым аз болса, сіздің банкке қайтаратын үстеме ақшаңыз да азырақ болатынын ұмытпаңыз!

  • Пайыздық мөлшері өзгеретін ипотекадан қашық болыңыз!

Айталық, бар болғаны 1%-ға пайызы өзгерді, бұл пайыздың жылдар өте қаншаға көбейетінін білесіз бе? 1 миллион қарызыңыз, он жылдан соң, 10 миллионға бір-ақ шығады. 

  • Ұзақ жылдық ипотеканы жабамын деген оймен пайызы бірдей тағы несие алып жүрмеңіз!

Қарыз алушылардың 9/10 ертерек құтыла алмайды. Алған ақшаңыз баспана «қазынасына» жетпей қалуы мүмкін.

  • Өміріңізді сақтандыруды ұмытпаңыз!

Өмірде түрлі жәйттар орын алуы ғажап емес. Сол себепті, өміріңізді сақтандырып қойғаныңыз, ипотеканы біраз уақытқа дейін төлеп тұруыңызға жағдай жасайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға