Иорданиядағы Израиль елшілігінің маңында атыс болды
24.11.2024 15:53
Фото:
© El.kz
Иорданиядағы Израиль елшілігінің алдында болған атыстан бірнеше полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шабуылдаған ер адам өлтірілген.
Қаруланған ер адам өлтірілді, Иорданиядағы Израиль елшігінің алдында болған атыс тоқтатылды, - делінген Reuters мәліметінде.
Оқиға болған жер қоршауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

