Инвесторларды студенттік жатақханалардың құрылысына тартамыз - министрлік
Фото: strategy2050.kz
Фото: strategy2050.kz
07.09.2022 16:10
1105
Жоғары оқу орындары басқа қаладан келген студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге және олардың тұруы мен оқуы үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Алматыдағы жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейтіп, инвесторларды студенттік жатақханалардың құрылысына тартамыз. Олар үшін мемлекет тарапынан арнайы преференциялар көзделген. Мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде біз ЖОО жатақханаларының болуын ескереміз және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесімен қарқынды жұмыс істейміз», – деп атап өтті вице-министр Қуаныш Ерғалиев.
Айта кетейік, Қуаныш Ерғалиев Ғылым және жоғары білім министрінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласындағы ЖОО жатақханаларына барып, басқа қалалардан келген студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тексерді. Ол жатақханаларда орындардың бар-жоғын, онда студенттердің тұруы үшін қандай жағдайлар жасалғанын тексерді. Вице-министр студенттермен кездесіп, олармен әңгімелесті. Бір күн ішінде ол Алматының бірнеше ірі жоғары оқу орындарында және 10-нан астам жатақханада болды.
Алматыда еліміздегі студенттердің шамамен үштен бірі тұрады. Жылдан жылға мегаполиске келетін студенттер саны артып келеді. Осыған байланысты шаһарда студенттік жатақханаларға деген сұраныс жоғары.
Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа студенттер үйлерінің құрылысы жүргізілуде және жатақханалар мен қонақ үйлердегі төсек-орындарды жалға алу бойынша шарттар мен меморандумдар жасалуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды