Фото: instagram.com/amre_official

«Интервидение-2025»: Аида Балаева Amre-ні қолдады

«Live Арена» сахнасында өткен байқау нәтижесі бойынша, Ернар Садырбаев (сахналық есімі — Amre) жетінші орынға ие болды. Ол 339 дауыс жинады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде орындаушыға қолдау білдіріп, жазба жариялады.

Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғыры деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін! – деп жазды министр.

Байқауда Amre қазақ тіліндегі «Даланың нұры» әнін орындады.