freepik.com

Интернетсіз де жұмыс істейтін 7 аударма қосымшасы

11.03.2026 12:05

Шетелге шыққанда немесе интернет нашар ұстайтын жерде жүргенде аудармашы қосымшалар өте пайдалы. Кейде ұшақта, метро ішінде, тауда немесе халық көп жиналған жерде интернет әлсіз болуы мүмкін. Осындай жағдайда офлайн режимде жұмыс істейтін аударма қосымшалары көмектеседі.

Офлайн аударма қосымшаларының артықшылығы

Қазіргі таңда әлемде тіл білу маңызды. Мысалы, ағылшын тілін 1,3 миллиардтан астам адам үйреніп жүр. Ал орыс тілінде шамамен 258 миллион адам сөйлейді. Басқа тілдегі мәтінді немесе сөзді түсіну саяхатта, жұмыста және күнделікті өмірде көп көмектеседі.

Бірақ интернет кез келген жерде қолжетімді бола бермейді. Сондықтан кейбір қосымшалар тілдік пакеттерді алдын ала жүктеп алып, аударманы интернетсіз жасауға мүмкіндік береді. Яғни барлық есептеу смартфонның өзінде орындалады.

Оқи отырыңыз:

Офлайн аударма жасау үшін мобильді интернет қажет емес. Бұл әсіресе роумингте жүргенде, интернет пакеті шектеулі болғанда немесе байланыс нашар ұстайтын жерде өте ыңғайлы. Мысалы, ұшақта, метро ішінде, тауда немесе интернет әлсіз аймақта да мәтінді оңай аударып алуға болады. Сондай-ақ офлайн режимде мәтін сыртқы серверлерге жіберілмейді, яғни жеке ақпараттың таралу қаупі төмен болады. Дегенмен мұндай қосымшалардың кейбір шектеуі бар. Интернетсіз режимде қолжетімді тілдер саны аз болуы мүмкін, ал күрделі сөйлемдердің аудармасы кейде дәл шықпайды. Сонымен қатар офлайн режимде қолдану үшін қажетті тіл пакеттерін алдын ала жүктеп қою керек. Төменде интернетсіз жұмыс істей алатын ең танымал аударма қосымшаларын назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Yandex Translate

Тілдер: 90-нан астам
Платформа: Android, iOS
Офлайн режим: бар
Дыбыспен аудару: бар

Бұл – «Яндекс» компаниясының аударма қосымшасы. Қосымша мәтінді, дыбысты және суреттегі жазуды аударып бере алады.

Сапар алдында қажетті тіл пакеттерін жүктеп алсаңыз, интернетсіз де аударма жасауға болады. Мысалы, ағылшын, неміс, француз немесе испан тілдерін офлайн қолдануға мүмкіндік бар.

Қосымшада камера арқылы аудару функциясы да бар. Яғни мәзірдегі, көшедегі немесе қаптамадағы жазуды камерамен түсіріп, аудармасын көруге болады.

  1. Google Translate

Тілдер: 100-ден астам
Платформа: Android, iOS
Офлайн режим: бар
Дыбыспен аудару: бар

Әлемдегі ең танымал аударма сервистерінің бірі – Google Translate. Қосымша мәтінді, дауысты, қолмен жазылған сөздерді және суреттегі мәтінді аудара алады. Офлайн жұмыс істеуі үшін қажетті тіл пакеттерін алдын ала жүктеп алу керек.

Google аудармашысы әсіресе ағылшын, испан, француз және неміс тілдерімен жақсы жұмыс істейді. Бірақ интернетсіз режимде аударма сапасы кейде төмен болуы мүмкін.

  1. Microsoft Translator

Тілдер: 70-тен астам
Платформа: Android, iOS
Офлайн режим: бар
Дыбыспен аудару: бар

Бұл қосымшаны Microsoft компаниясы жасаған. Қосымша мәтінді және дыбысты аударып қана қоймай, диалог режимін ұсынады. Яғни экран екіге бөлініп, екі адам әртүрлі тілде сөйлесе алады. Интернетсіз жұмыс істеу үшін тіл пакеттерін алдын ала жүктеу қажет.

  1. PROMT.One

Тілдер: 20-дан астам
Платформа: Android, iOS
Офлайн режим: бар (ақылы)
Дыбыспен аудару: бар

PROMT – машиналық аударма технологиясымен көп жылдан бері айналысып келе жатқан компания. Бұл қосымша аудармашы, сөздік және сөйлесу кітапшасын біріктіреді. Мәтінді, дауысты және суреттегі жазуды аударуға болады.

Офлайн аударма үшін тіл пакеттерін жүктеп, жазылып алу қажет. Қосымша техникалық және іскерлік мәтіндерді аударуда жақсы нәтиже көрсетеді.

  1. Reverso

Тілдер: 17
Платформа: Android, iOS
Офлайн режим: ішінара

Reverso классикалық аудармашыдан сәл өзгеше. Ол сөздердің аудармасын ғана емес, нақты қолданылу мысалдарын да көрсетеді.

Мәселен, белгілі бір сөздің кітаптарда немесе мақалаларда қалай қолданылғанын көре аласыз.

Қосымшада сөз жаттауға арналған карточкалар, іздеу тарихы және сүйікті сөздер тізімі бар. Бұл функциялар интернетсіз де жұмыс істейді.

  1. iTranslate

Тілдер: 100-ден астам
Платформа: Android, iOS
Офлайн режим: бар (Pro жазылымымен)
Дыбыспен аудару: бар

iTranslate – әлемде кең таралған аударма қосымшаларының бірі. Қосымша мәтінді, дыбысты және камера арқылы мәтінді аудара алады. Сондай-ақ екі адам сөйлесуге арналған Voice Mode режимі бар.

Офлайн аударманы қолдану үшін Pro жазылымын рәсімдеп, тіл пакеттерін жүктеу қажет.

  1. Papago

Тілдер: 14
Платформа: Android, iOS
Офлайн режим: бар
Дыбыспен аудару: бар

Papago – Оңтүстік Кореяның Naver компаниясы жасаған аударма сервисі. Бұл қосымша әсіресе корей, жапон және қытай секілді азиялық тілдерді жақсы аударады.

Қосымша мәтінді, дыбысты, қолжазбаны және суреттегі жазуды аударуға мүмкіндік береді. Тіл пакеттерін жүктеп алғаннан кейін интернетсіз де пайдалануға болады.

Айта кетейік, бұған дейін 20 тілді меңгерген 20 жастағы америкалық полиглот жайлы жазған едік.