Жаңалықтар

Интернет желісінің сапасына қатысты тұрғындардан 5 мыңға жуық шағым келіп түскен

Интернет желісінің сапасына қатысты тұрғындардан 5 мыңға жуық шағым келіп түскен
Фото: Pixabay.com 25.04.2023 10:41 1004

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оптикалық желілер арқылы интернетпен қамтамасыз етуді және ауылдардағы үйлерге жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлім етті. Алдағы уақытта министрлік 3 мыңнан астам ауылды қамтуды, 60 мың км оптикалық инфрақұрылымды салуды көздеп отыр. 

Премьер-министр Әлихан Смайылов ірі қалалардың өзінде мобильді интернет жоқ немесе сапасы нашар екенін атап өтті. Айтуынша интернет желісінің сапасына қатысты тұрғындардан 5 мыңға жуық шағып келіп түскен.  

Мұндай шағымдар әсіресе, Астана мен Алматы қалаларынан келіп түсіп жатыр. Мобильді интернетке қызмет көрсету байланыс  операторларының міндеттемелеріне неге кірмейтіні мүлдем түсініксіз. Интернеттің сапасы мен жылдамдығын өлшейтін құралдар жоқ немесе жетіспейді. Инспекцияның өзі жол бойындағы және елді мекендердегі интернет жылдамдығын өлшей алмайды. Бұл мәселені шешу қажет, - деді премьер-министр.

Сондай-ақ Смайылов қазіргі таңда адамдар бірінші интернет сапасына мән беретіндігін айтты.Олар тарифтердің ақысын толық төлеп отырғандықтан, сапалы қызметті талап ететіндігі орынды екенін тілге тиек етті.  

Соңғы үш жылда байланыс операторлары бұл салаға тартылған инвестицияларды 60 пайызға дейін төмендетіп жіберді. Операторларға, қымбат инфраққұрылымдарға қаражат бөлгенге қарағанда анықталған заң бұзушылықтар үшін айппұл төлей салу тиімді болып отыр. Мұндай жағдайды түбегейлі өзгерту керек, - деді Үкімет басшысы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға